Фаза-нөл ілмегі — фазалық өткізгіш пен жұмысшы нөлдік (N) немесе қорғаныс (PE) өткізгіш қосылғанда түзілетін электр тізбегі.
Астанада орналасқан ЛАЭР зертханасы елорда мен Ақмола облысының тұтынушыларына фаза-нөл ілмегінің кедергісін өлшеу қызметін ұсынады. Жұмыстың толық тізімі, бағасы және мерзімі сайтта көрсетілген. Қажет болған жағдайда онлайн тегін кеңес береміз — қазақ және орыс тілдерінде.
Біздің артықшылықтарымыз
8 жылдан астам тәжірибесі бар аттестатталған инженерлер
Техникалық есеп 1 күн ішінде дайын
Құжаттарды мемлекеттік органдар 100% қабылдайды
Фаза-нөл ілмегінің кедергісін қашан өлшеу қажет?
Энергетика министрінің 20.03.2015 ж. №247 бұйрығына сәйкес, бұл өлшеу әр үш жылда бір рет немесе жиірек (ерекше жағдайлар мен арнайы нысандар үшін — жыл сайын) жүргізілуі тиіс.
Мақсаты — қысқа тұйықталу кезінде апатты бөлікті автоматты түрде сөндіру үшін орнатылған қорғаныс құрылғыларының тиімділігін тексеру.
Өлшеудің мақсаты және пайдасы:
Қорғаныс автоматикасының жұмыс қабілетін тексеру
Қысқа тұйықталу кезінде сөндіргіштің дер кезінде іске қосылуын қамтамасыз ету
Апаттық жағдайлардың алдын алу
Персонал қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Фаза-нөл тізбегін тексеру тәртібі
1000 В-қа дейінгі кернеуі бар, жерге тұйықталған бейтарапты қондырғыларда келесі талаптар орындалуы тиіс:
Қысқа тұйықталу тогы (IҚТ) төмендегіден кем болмауы керек:
Плавкий сақтандырғыш үшін — номиналдан 3 есе артық
АВ автомат үшін — 3-6 есе (жарылыс қауіпті аймақтарда – 6 есе)
Мгновенный расцепитель бар автоматтар үшін – нормативке сәйкес есептеледі
Өлшеулер жүргізілетін элементтер:
Қорғаныс және коммутациялық контактілер
Электр желілері, кабельдер
Контакторлар, автоматтар
Фаза және жерге тұйықтаушы өткізгіштер
Барлық элементтердің толық тізбегі тексеріледі
Кедергіні не құрайды:
Энергия көзі (трансформатор, генератор) кедергісі
Сыртқы және ішкі желілер кабельдерінің кедергісі
Электр қалқандардағы байланыс кедергілері
Өлшеу тәртібі мен әдістері:
Бүкіл процедура ҚР ПУЭ және ҚР ТҚЕ талаптарына сай (бұйрық №230, 03.01.2023 редакциясы бойынша):
Ең қуатты тұтынушы немесе ең шалғай нүктеден басталады
Кемінде 10% нүктеде тексеру жүргізіледі
Егер IҚТ рұқсат етілгеннен 30% жоғары болса – өлшеу жүргізілмейді
Автоматтар, желілер, монтаж, ток сөну уақыты (5 сек дейін) тексеріледі
Қолданылатын құрылғылар мен әдістер:
М-417 немесе аналогтар
Амперметр-вольтметр — IҚТ есептеу арқылы
MI-3102H, MZC-300 — нақты қысқа тұйықталу тогын анықтау
Типтік схемаларға сәйкес қосу, кернеу түріне қарай: фаза-нөл, фаза-фаза
Құжаттар және есеп беру
Барлық алынған нәтижелер нормативтік талаптарға сәйкес ресімделген хаттамаға енгізіледі. Құжатта көрсетіледі:
Тексерілген тізбек бөлігі және орны
Автомат түрі, номинал токтар (магнитті, жылулық)
Ілмек кедергісі және IҚТ мәндері
Қорғаныс параметрлерінің есептік және нақты мәндері
Желі қолдануға жарамды ма, әлде жөндеу қажет пе — көрсетіледі
Неліктен ЛАЭР зертханасы — тиімді шешім
Ресми лицензиялар мен сертификаттар (бұйрық №218, ҚР Энергетика министрі, 24.05.2016 ж.)
Заманауи аспаптар мен жабдықтар
Кәсіби электр мамандары
Кепілдік беріледі
Құжаттардың толық пакеті рәсімделеді
Қажет болса — жабдыққа сервистік қызмет көрсету келісімі жасалады